Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Робот-шаңсорғыш әйелдің шашын "жұтып" қоя жаздады

Опубликовано:

Оңтүстік Кореяда робот-шаңсорғыш өзінің 52 жастағы иесінің шашын "сорып" ала жаздаған.

Бұл туралы шетелдік БАҚ жазады.

Kyunghyang Shinmun есімді әйел еденде демалып жатқан, сол кезде робот-шаңсорғыш келіп, күтпеген жерден онын шашын сора бастайды.

Үйінде жалғыз болған, жүрегі ұшқан әйел басын құрылғыдан ажырата алмай әуре-сарсаңға түседі, сөйтіп құтқару қызметін шақырған.

Оқиға орнына жеткен топ әйелді әрең дегенде шаңсорғыштан ажыратып алған. Енді болмағанда, шаңсорғыш оның ажалына себепкер болар еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/353698-robot-shansorgysh-ejeldin-shashyn-zhytyp-koya-zhazdady/

pixel