RU

Маржан Арапбаева өмірінде нені өзгерткісі келетінін айтты

6 ақпан күні 37 жасқа толған Маржан Арапбаева өмірінде нені өзгерткісі келетінін айтты деп жазады baistars.kz сайты.

"Мен бала күнімде өте бұзық бала болғанмын. Жүрген жерімде өмірі бір оқиғаларға тап болып, үнемі ұрыс естіп жүретінмін", - деп әнші бала кезін еске алған.

Сондай-ақ, ол өзінің үлкен әншілік мектептен өткенін де атап айтты.

"Алматыға барып оқуға түстім, мектепте мұғалім болып жұмыс атқардым. Бір жылдан кейін мейрамханаларда ән айта бастадым. Ол кезде мейрамхана жұмысы енді көтеріліп, жақсы дамып жатқан еді. 5-6 жыл бойы сол жерде әнші болдым. Әншілердің арасында "кабакская школа" деген ұғым бар. Сол мектептен өткен әнші көп нәрсені көрген, білген, даусы да мықты деп түсінетін. Сондықтан мен кабактың мектебінен өттім деп ойлаймын", - деді Маржан Арапбаева.

Ол өз өміріне риза екенін, тек бір нәрсені өзгерткісі келетінін айтқан.

"Менің арманым ол сүйгеніммен бірге қартайып, немере сүйіп, сол немерелерімді мектепке апарып жүрсем. Сол күнге жетсем. Мен өмірде бір нәрсені ғана өзгертер едім. Анам тірі болса, сол кісімен уақытымды көбірек өткізетін едім. Сонымен қатар, теңізге апарып, қыдырар едік. Осыны ғана өзгертер едім, ал қалғанының бәріне мен ризамын", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/353712-marzhan-arapbaeva-omirinde-neni-ozgertkisi-keletinin-ajtty.html