RU

Оңтүстікте қыс ортасында бәйшешек гүлдеді

Шымкентте, өткен сенбіде қар жауғанына қарамастан, бәйшешек гүлдей бастады. Көктемнің жаршысы атанған, Қызыл кітапқа енген өсімдік қала төңірегінде гүлдеп тұр деп хабарлайды Астана арнасы.

Жексенбіде аймақта ауа-райы +12 градусқа жылыды. Ал 9 ақпанда +16 градусқа дейін көтерілген.

Биыл өңірде ақпан жылдағыдан жылы. Осының әсері ме, оңтүстікте көктемнің нышанындай болған өсімдік тым ерте гүл ашты.

"Ақпанның алғашқы онкүндігі аяқталмай, бәшешек атқаны - ерте көктемнің хабары", - дейді тұрғындар.

Ал ауа-райын болжаушылар алдағы үш тәулікте күн жылы және жауынды болатынын айтады. Және қыстың соңғы айында әлі де суық күндер бар екенін болжауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/354040-ontystikte-kys-ortasynda-bejsheshek-gyldedi.html