RU

Оңтүстіктен солтүстікке үлкен көш басталады

Оңтүстіктен солтүстікке көшіру заңмен бекітілмек. Тиісті құжат алғаш рет мәжілісте таныстырылды деп хабарлайды КТК арнасы.

Солтүстіктің тұрғындары соңғы жылдары азайып барады. Негізінен бұл Ресейге қоныс аударып жатқандардың артуымен байланысты. 2050 жылға қарай мұндағы халық саны тағы 1 миллионға қысқаруы мүмкін.

Ал оңтүстікте керісінше өсім қарқыны күшті. Алдағы 20 жылда адам саны бұл өңірде 5 миллионға артады деп есептепті мамандар. Сондықтан солтүстік облыстарға барып жұмыс істейтіндерге мемлекет қолдау көрсетпекші.

Барлық жол шығынын көтеріп, жалға берілетін тұрғын үйлерден пәтер де алып бермек. Сондай-ақ, солтүстіктектегі университеттер мен колледждерге оқуға түскісі келетін жастарға грант көп бөлінетін болады.

"Көшу әр адамның жеке ісі. Ешкімді күштемейміз. Дегенмен ниет білдіргендерге жол шығыны, баспана жалдауды айтпағанда, сол барған жеріне үйренісіп кеткенше, ақша береміз. Жұмысқа тұруын да қадағалап отырамыз", - деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/354887-ontystikten-soltystikke-ylken-kosh-bastalady.html