Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан әлем чемпионы Назым Қызайбай олимпиада шыңын бағындыруды армандайды (фото)

Опубликовано:

Елімізде қыздар арасында бокс спортына көңіл қойғандар көбейе бастады. Бапкерлердің сөзінше, бұрындары бокс спортын қолға алған қыздар саны аз болған.

Тіптен бас кезде бірді екілі қыздар жігіттер арасында жаттығу жасапты. Қазақтан шыққан тұңғыш боксшы қыз Назым Қызайбайдың жеңісі көптеген жас қыздардың осы спорттың түріне өтуіне себепші болды дейді бапкерлер.

Әрине, бұдан бөлек біздің қоғамда "бокс қызбала айналысатын іс емес" деп түсінетіндер саны көптеу.

Қазақстандағы қыздар боксының үлгісі әрі мақтанышына айналған Назым бүгінде халықаралық жарыстарға қызу дайындық үстінде. Тіпті ата-анасын, бауырларын көру үшін аптасына санаулы сағаттарға ғана босатылады. 

Қалған уақытының барлығы мына спортзалда денесін шынықтырып, қарсыластарын зерттеуге кетеді.

Назым спорттың бұл түрімен айналысып жүргеніне  алты жылдан асыпты. Бала кезінде мектеп балаларымен алысып, төбелесіп өскенін көрген әкесі қызына бокспен айналысуға өзі кеңес беріпті.

Ол оқушы кезінде бокстан бөлек футбол, баскетболды да жақсы ойнапты.

Спортшы қыздың сөзінше, бокс спортына қатысқан алғашқы күннен бастап жаттықтырушының назарына ілінген. Не бәрі бес айдың ішінде Қазақстан құрамасынан бір-ақ шыққан.

Назым жаттығып жүрген алаңда одан бөлек жиырмадан астам қыз бала бокспен шұғылданып жатыр. Барлығының да мақсаты бір. Халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын қорғап, абыройын асқақтату.

Ақеркенің бокспен айналысып жүргеніне алты жыл болған. 2011жылы Қазақстан чемпионы атағын иеленіпті. Ол да  уақытының барлығын спортқа арнаған қыздарымыздың бірі.

"Басында үйдегілер жай өзін қорғау үшін айналысып жүр, кейіннен қойып кетеді деп ойлады. Менің жаттықтырушыларым, бастапқы көрсеткіштерім ынталануыма себеп болды. Ата-анам үнемі отбасы құруды ұмытпауға кеңес беріп отырады. Ал туысқан ағаларым "Қыз болсайшы, болды ғой" деп әзіл аралас ақыл айтады. Әрине, жеке өмір бірінші орында. Дегенмен алдағы аздаған жылға қойған спорттағы мақсаттарым бар", - дейді Ақерке.

Ал Назым бүгінде жаттығу залының айнасына айналған. Топты бастап өзгелерге үлгі болып жүр.

Жаттықтырушы Гулзара Азизова өзге қыздардың да спорттың бұл түріне қабілеттері зор екеніне сенімді. Сол мүмкіншіліктерді толық пайдалана білуге, тәрбиелеп отырғанына мақтанады да.

Жаттықтырушылардың сөзінше, спорттағы қыздар жігіттерге қарағанда ұқыпты әрі айтқанды бұлжытпай орындайтынымен ерекшеленеді.

Назым жақын күндері Болгария еліне жарысқа аттанғалы отыр. Одан кейін Қытайға, артынша Шымкентке, Түркияға дегендей. Жоспары мен жарыстары көп екен. Сол үшін де оған бапкерлері әр бір минутты текке өткізбеуге кеңес беріп отыр.

Әрбір спортшы армандағандай Назымның да алдына қойған мақсаты Олимпиада жеңімпазы атану. Осыдан кейін жаттықтырушы болып жұмыс істеуді жоспарлайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/355475-bokstan-elem-chempiony-nazym-kyzajbaj-olimpiada-shynyn-bagyndyrudy-armandajdy-foto/

pixel