RU

Белігілі тележүргізуші "24KZ" телеарнасына директор болып тағайындалды

Белгілі тележүргізушісі Арман Сейітмамыт "Хабар" агенттігінің "24KZ" телеарнасына директор болып тағайындалды.

Бұл туралы Твиттерде бұл телеарнаны осы күнге дейін басқарып келген Александр Аксютиц мәлім етті.

Аксютицтің сөзіне қарағанда, ол директор қызметінен басқа жұмысқа ауысуына байланысты кетіп жатыр.

"Тура үш жыл "24KZ" телеарнасымен бірге болдым. Енді басы-қасында жүрген телеарнамен қоштасатын сәт келді. "24KZ" телеарнасын менің досым Арман Сейітмамыт басқарады", - деп жазады ол.

Айта кетейік, "Хабар арнасының жаңалықтар қызметінің жүргізушісі ретінде кеңінен танылған Арман Сейітмамыт (Арман Балтабаев) осыған дейін "24 KZ" арнасының шеф-редакторы қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/355673-beligili-telezhyrgizushi-24kz-telearnasyna-direktor-bolyp-tagajyndaldy.html