RU

Құлыбаев Головкинді жеңісімен құтықтап, хат жолдады

АИБА вице-президенті, Қазақстан Бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев Геннадий Головкинге Британия боксшысы Мартин Мюрреймен болған жекпе-жекте жеткен жеңісімен құттықтап, хат жіберді.

"Мен, жүз мыңдаған қазақстандықтармен бірге Сізге жанкүйер болдым. Бокс сүйер қауымды керемет жетістігіңізбен қуантып, тағы бір мәрте ел сенімін ақтадыңыз. "Salle des Etoiles" аренасындағы кездесуде қазақ бокс мектебінің сан қырлы артықшылықтарын шебер көрсете білдің", делінген телеграммада.

Сондай-ақ, Тимур Құлыбаев хатында Головкин жеңісі жас спортшылардың рухын көтеріп, биікке ұмтылуына күш беретінін, оның қазақстандықтардың мақтанышына айналғанын атап өтті.

АИБА президенті боксшыға болашағына сенім артып, табыс тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/356309-kylybaev-golovkindi-zhenisimen-kytyktap-hat-zholdady.html