RU

Nike компаниясы Роналдуға өз аяқ киімін шығаруына тыйым салды

Nike компаниясы Роналдудың бренді бойынша бутсы шығаруына тыйым салды деп хабарлайды 24 kz.

 Ал егер әйгілі спортшы бұл тыйымды бұзса, онда Nike Роналдуға демеушілік жасау туралы келісімшартты бұзады. Сол себепті енді бразилиялық футболшы Footwear CR7 брендінен бас тартып, тек күнделікті киетін аяқ киім шығарумен ғана айналыспақ.

Осыған дейін компания Роналдуға алмазбен көмкерілген эксклюзивті бутсы сыйлаған еді. Бұл ерекше тарту футболшының "Алтын доп" жүлдесін алуына арналған.

Криштиану Роналду аяқ киімнен өзге CR7 брендті ерлерге арналған іш киім шығарумен айналысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/356892-nike-kompaniyasy-ronalduga-oz-ayak-kiimin-shygaruyna-tyjym-saldy.html