RU

Марк Цукерберг әлем тұрғындарына тегін ғаламтор сыйға тартпақ

Facebook желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг Үндістан мен Оңтүстік-Шығыс Азияға саяхаты туралы сұхбат берді деп хабарлайды massaget.kz.

Марк Цукерберг

Бұл саяхаттың басты мақсаты – ғаламторды пайдалануға Жердің барлық тұрғындарына мүмкіндік беру. Үндістан мен Оңтүстік-Шығыс Азияны шарлаған Марк Цукерберг әлемнің небары 30%-ы ғана ғаламтордың қызығын көріп отыр деген болжам жасады.

Қалған 70%-ы бұл желінің не үшін керек екенін де білмейтін көрінеді. Жер тұрғындарының барлығын ғаламтор желісімен тегін толық қамтамасыз ету үшін Цукерберг Internet.org деп аталатын жаңа сервис құрады. Цукерберг бұл бағдарламаның оң нәтиже беретініне сенімді.

Өйткені, Кения мен Замбия елдерінде ғаламтор желісі қосылғаннан кейін Эбола және ВИЧ жұқтырғандардың көрсеткіші едәуір азайған. Facebook-тың негізін салған Марк Цукерберг Internet.org медицина, жұмыс, қаржыға байланысты ақпаратты тегін алуға мүмкіндік беретінін айта кетті.

Сонымен қатар, тұтынушылар Википедия сынды анықтамалық сайттарға тегін кіре алады. Бірақ, видео немесе жаңалықтар сайтына кіргісі келген жандар ғаламтордың бұндай қызметін ақы төлеп қана игілігіне пайдалана алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/356904-mark-czukerberg-elem-tyrgyndaryna-tegin-galamtor-syjga-tartpak.html