RU

Алматыда алаяқ келіншек балаларды гипнозбен дуалап, өз үйлерін тонатқан

Алматыда балаларды алдап нәпақа тапқан алаяқ келіншек ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Іле ауданының ұлты сыған, 38 жасар тұрғыны балаларды гипнозбен дуалап, алтын бұйымдарын қолды етіп отырған. Соңғы рет 15 жасар қыз бала сыған келіншекке 680 мың теңгенің алтын бұйымдарын әкеп берген.

"Келіншек қыздан жол сұраған болып, автобустан бірге түскен. Кейін қыз баланы дуалап, үйінен алтын бұйымдарды әкеп беруін өтінген. Бағалы зат қолды болған соң, қыз біразға дейін ата-аналарына болған жайтты айтпай жүрген. Кейін оның анасы полицияға арызданып, күдікті қолға түсті", - деді Түрксіб аудандық ІІБ полиция бөлімінің басшысы Болат Тотыбаев.

Кейін белгілі болғандай күдікті бұған дейін де алаяқтығы үшін істі болған. Соңғы рет түрмеден 1 ай бұрын шыққан екен. Қазір полиция алаяқ келіншектен жапа шеккен адамдар болса, полицияға жүгінуін сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/356916-almatyda-alayak-kelinshek-balalardy-gipnozben-dualap-oz-yjlerin-tonatkan.html