RU

Өз жұбайларына ең көп опасыздық жасайтын ел анықталды

Durex компаниясының мамандары әлемде өз жұбайларының көзіне шөп салудан алдына жан салмайтын ең опасыз елді анықтау мақсатында сауалнама жүргізген.

Тізім басына Тайланд мемлекеті жайғасыпты, деп хабарлайды Bnews.kz.

Sexual Wellbeing Global Survey атты зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Тайланд тұрғындарының 56 пайызы өмірлік серіктерінің көзіне шөп салатыны белгілі болған.

Durex мамандары жүргізген сауалнамаға 26 елден 26 мың адам, яғни әр мемлекеттен мың адамнан қатысқан. Тағы бір айта кетер жай, Франция мен Германияда азаматтар бұл мәселеге салқынқанды қарайды және ерлі-зайыптылар бірін-бірі қызғанбай, ашыналарымен ашық түрде байланыста болады екен.

Жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде "үздік ондыққа" кірген мемлекеттердің тізімі мынадай:

1. Тайланд (56 %)

2. Дания (46 %)

3. Италия (45 %)

4. Германия (45 %)

5. Франция (43 %)

6. Норвегия (41 %)

7. Бельгия (40 %)

8. Испания (39 %)

9. Ұлыбритания (36%)

10. Финляндия (36%)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/356959-oz-zhybajlaryna-en-kop-opasyzdyk-zhasajtyn-el-anyktaldy.html