RU

Коала австралиялық шаруалардың көлігін ұрлап кетпекші болды

Австралияда мектептен келе жатқан 15 жасар оқушы үйінің алдындағы көліктің рөлінде отырған коаланы көзі шалады. Бұл туралы 24 kz хабарлайды.

Тосын жағдайды бірнеше рет суретке түсіріп алған оқушы кейіннен коаланы қуып жіберуге талпынғанымен, жануар тіпті міз бақпаған.

Осыдан соң жасөспірім көліктің есігін ашып, қалталы аюды өзі шығарып салыпты. Ал бұл суреттерді көрген жасөспірімнің әкесі алғашында өз көзіне өзі сенбеген.

Дегенмен бұған қатты таңқалудың да қажеті жоқ. Себебі қалталы аюлар жергілікті тұрғындардың үйлеріне жиі қонаққа келіп тұрады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/357022-koala-avstraliyalyk-sharualardyn-koligin-yrlap-ketpekshi-boldy.html