RU

Испанияда әлемдегі "ең бақытты мамандықтар" анықталды

Спортшылар, ғалымдар мен мұғалімдер – Испанияның "ең бақытты мамандықтары".

Бұл "Adecco" халықаралық компаниясы жасаған рейтинг мәліметтері, - деп хабарлайды espanarusa.com.

Мәселен, сауалнама барысында спортшылардың 98,9%, мұғалімдердің 95,15% және ғалымдардың 94,45% өздерінің кәсіптік міндеттерін бар ынтамен орындайтынын мойындады.

"Бақыт индексі" бойынша 90% көрсеткішке қорғаушылар (92%), медициналық қызметкерлер (91,67%) мен суретшілер (91,18%) жетті.

Рейтингтің басқа көшбасшылары қатарында психологтар, журналистер мен өрт сөндірушілер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/357507-ispaniyada-elemdegi-en-bakytty-mamandyktar-anyktaldy.html