Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар: Әйелдің қалыпты жүктілігі 10 айға созылуы тиіс

Опубликовано:

Адамзат баласы үшін жүктіліктің қалыпты ұзақтығы барлығы ойлап жүргендей тоғыз емес, он айға созылуы тиіс. Мұндай пікірді Америкадағы Солтүстік Каролина университетінің ғалымдары білдірді.

Зерттеуге өз еріктерімен қатысқан 125 әйелдің жүктілігін зерттеу барысында бұдан басқа да қызықты фактілер анықталды, деп жазады Росбалт.

Атап айтқанда, әйелдердің тек 4 пайызы ғана дәрігерлердің болжам жасаған мерзімінде босанады. Көбі балаларын дүниеге алдын ала қойылған мерзімнен кейін он күн өткен соң әкеледі. Зерттеуге қатысқан әйелдердің шамамен 70 пайызында осындай оқиға болған.

Бұдан басқа, анасының әрбір жасы оның жүктілік мерзімін бір күнге ұзартады. Жүктілік ұзақтығы әйелдің босану кезіндегі салмағына да байланысты: нормадан тыс әрбір 100 грамм мерзімге бір күннен қосып отырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/357608-galymdar-ejeldin-kalypty-zhyktiligi-10-ajga-sozyluy-tiis/

pixel