RU

Қазақстандық жұлдыздар неден қорқады? (видео)

Шоу- бизнес жұлдыздары неден қорқады? Олардың бала күнгі қорқынышы, бүкіл ғұмырына қаншалықты әсер етті? Бұл сауалдарға 31 арна жауап іздеп көрді.

Мәселен, әнші Жұбаныш Жексенұлы өзі білмейтін нәрседен қорқады екен. Ал халық әртісі Майра Ілиясованың айтуынша фобияның ең үлкені халықтың сені елемей қалуы дейді.

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева төрт аяқты жануардан сескенеді. Адамның досына айналған ит, Айгүлдің қасына айналыпты. Бала кезінде есік алдында жүрген үй жануары білегін тістеп, жұлып алған. Содан бері төбет көрсе, төбе шашы тік тұрады екен. Бұл әншінің фобиясы.

Қолына күрделі ота жасап, ұзақ уақыт ем алған Айгүл бұл оқиғаны ұмытпапты. Дегенмен, бірнеше рет осы бір қорқынышын жеңуге тырысқанымен еш нәтижеге қол жеткізе алмаған.

Ал шоу - бизнестің өзге де жұлдыздары киелі сахнаның киесі атады деген үрейге бой алдырады екен.

"Сахнаның киесінен қорқамыз. Егер әнші, әртіс жауапкершілігін аз сезінген кезде сол сахнаның киесі атып, абыройын шашылуы мүмкін. Содан қорқамыз. Әрқашан, өзіңді халықтан аласа ұстап, қарапайым болуға тырысып жүреміз", - дейді "Алашұлы" тобы.

"Ұлытау" тобының айтуынша, қорқыныш сахнадағы дайындықтың аздығынан немесе шығарманың шикілігінен туындайды екен.

Әнші Алтынай Жорабаеваның да осал тұсы бар. Ол жыбырлаған жәндіктер оның ішінде құрт- құмырсқа, бақа - шаяннан қорқады.

Анасының қорқынышы Алтынайға ана сүтімен сіңген. Тіпті, бірнеше рет бойындағы фобиясын жеңуге тырысқанымен еш нәтиже шыға қоймапты.

Ал шет елде өзін сыйлайтын әрбір әншіде фобияның болуы заңдылық. Есімі ел есінен кетпеген поп-әнші Майкл Джексон инфекция жұқтырып алудан қорыққаны сонша, есіктің тұтқасын, қаламсапты жалаңаш қолмен ұстаудан жиіркеніп, қолдарына қолғап киіп алатын болған екен.

Ал Джастин Тимберлейк, Николь Кидман сынды танымал өнер иелері құрт - құмырсқа, жылан мен шаянды көрсе үдере қашуды әдетке айналдырған. Ал отандық жұлдыздардың бала күнгі фобиясы әлі күнге дейін тыныштық бермей келеді. Оны қалай жеңетіндерін тек әншілердің өздері ғана біледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/357622-kazakstandyk-zhyldyzdar-neden-korkady-video.html