RU

Владимир Ким Forbes нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең кедей миллиардер атанды

Билл Гейтсті Forbes журналы 16-шы рет ғаламшардың ең бай адамы деп атады.

Билл Гейтс

Бұл туралы Би-Би-Сиге сілтеме жасап Қазақпарат хабарлайды.

Microsoft компаниясының негізін қалаушы Гейтс миллиардерлер тізімінің екінші сатысында тұрған мексикалық кәсіпкер Карлос Cлимның алдына шықты.

Жыл ішінде Гейтстің дәулеті небәрі 3 миллиард долларға өсті. Биылғы 13 ақпанда оның байлығы 79 миллиардты құрады.

Forbes әлемде миллиардерлер саны рекордтық көрсеткішке - 1826 адамға жеткенін жазады, бұл өткен жылғыдан 181 адамға көп. Соңғы 21 жылда Билл Гейтс Forbes тізімін 16 рет бастады.

Американдық инвестор Уоррен Баффетт 72,2 млрд доллармен үшінші орынға оралып, киімі өндірісін жөніне испандық Zara фирманың негізін қалаушы Амансио Ортегодан алға шықты.

Болат Өтемұратов

Ал Forbes тізіміне Қазақстанның 5 миллиардері енген деп хабарлайды ҚазТАГ. Оладың ішіндегі ең бақуаттысы – Болат Өтемұратов ($2,6 млрд, 714-ші орын).

Әлижан Ибрагимов $2,2 миллиардпен - 847-ші орында.Динара және Тимур Құлыбаевтардың әрқайсысының байлығы $2,1 млрд-қа бағаланған. Олар байлар тізімінде 894-ші орында келеді.

Ал Владимир Ким $1,8 млрд-пен 1054-ші сатыға тұрақтаған.

Forbes нұсқасы бойынша 2015 жылғы бай адамдардың алғашқы ондығы:

1. Билл Гейтс - 79,2 млрд (Microsoft)

2. Карлос Слим - 77,1 млрд (Телекоммуникация және құрылыс)

3. Уоррен Баффет - 72,7 млрд (жаһандық инвестор)

4. Амансио Ортега - 64,5 млрд (Zara және басқалары)

5. Ларри Эллисон - 54,3 млрд (Oracle)

6. Чарльз Кох - 42,9 млрд (өнеркәсіпші)

7. Дэвид Кох - 42,9 млрд (өнеркәсіпші)

8. Кристи Уолтон - 41,7 млрд (Walmart)

9. Джим Уолтон - 40,6 млрд (Walmart)

10. Лилиан Бетанкур - 40,1млрд (L'Oreal).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/357804-vladimir-kim-forbes-nyskasy-bojynsha-kazakstandagy-en-kedej-milliarder-atandy.html