Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Google жеке мобильдік оператор мен төлем жүйесін жасап шығарады

Опубликовано:

Google компаниясы жеке мобильдік оператор мен төлем жүйесін жасау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында жария етті.

Бұл жаңалықпен Барселонада өтіп жатқан Халықаралық мобильдік конгерсс (Mobile World Congress (MWC) барысында Google вице-президенті Сундар Пичай (Sundar Pichai) бөлісті, деп хабарлайды РИА Новости.

Бірақ, оның айтуынша, әңгіме "үлкен байланыс операторы" жайында емес, дәлірек айтқанда, компания "байланыс саласындағы зерттеулер мен инновацияларға арналған құрал" жасап шығаруды қолға алып, осы мақсатта операторлармен бірлесіп жұмыс жасауды көздеп отыр.

Яғни, Google жеке ұялы байланыс желісін құрмайды, жаңа оператор виртуалдық негізде болады. "Бұл жерде бағдарламалық қамту, құрал-жабдықтар мен жалпы байланысты қоса ескеру қажет", - дейді Пичай.

Сонымен қатар Google өкілі компанияның Android Pay төлем жүйесін жасап шығу саласында еңбектеніп жатқанын мәлім етті. Жаңа жоба өз алдына Apple мен Samsung жүйелеріне бәсекелес болмақ.

Оның тұтынушысы жаңа жүйеге банк карталарын байланыстырып, қосалқы бағдарламаның көмегімен түрлі төлемдерді іске асыру мүмкіндігіне ие болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/357871-google-zheke-mobildik-operator-men-tolem-zhyjesin-zhasap-shygarady/

pixel