RU

Тон үшін немере інісін өлтірген бойжеткен 17 жылға сотталды

Қарағандыда тон үшін немере інісін өлтірген Қаламқас Аманбек 17 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Қаламқас Аманбек кісі өлтіру және ұрлық жасау  қылмысын  жасағаны үшін айыпты деп танылсын. Қылмыстар санын ескере келе оған жалпы режимдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеумен, мүлкін тәркілей отырып, 17 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалсын", - деді Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Төлеген Таңсықпаев.

Сот сотталушының кінәсі жиналған айғақтармен толық дәлелденгенін ескерді.

"Сотталушының оған қатысты күштеу әрекеттері қолданылды деген дәлелін тергеу тобының өкілдері растамады", - деп атап өтті судья.

Аманбек өз айыбын толықтай мойнына алмады. Сот бұл әрекетін қорғану ретінде бағалады.

Пікірлесу барысында мемлекеттік айыптаушы Қаламқас Аманбекке 18 жыл бас бостандығынан айыру үкімін шығаруды сұраған еді.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/357872-ton-yshin-nemere-inisin-oltirgen-bojzhetken-17-zhylga-sottaldy.html