Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық парақорлар шенеунік атану арманымен мәңгілікке қош айтысады

Опубликовано:

Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар азамат мемлекеттік қызметтен өмір бойы аластатылады.

 Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Шаттық Өтеев мәлімдеді.

"Егер азаматтың сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар, оның кінәлі екендігі мәлім болған жағдайда іс сотқа жіберіледі. Ал сот әр адамның қылмысына қарай үкім шығарады. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап сыбайлас жемқорлыққа байланысты жазалар қатаңдатылды. Соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар, бір рет жауапқа тартылып, үкім шыққан азамат өмір бойы мемлекеттік қызметтен аластатылады", - деді Өтеев.

Еске сала кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар бірнеше лауазымды тұлға сот алдында жауап беруде. Ұлттық Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановқа қатысты іс аяқталды. Енді ол сотта жазасын күтуде.

Одан бөлек, жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев үйқамақта отыр.

Сондай-ақ, Табиғи монополияларды зерттеу агенттігінің бұрынғы басшысы Мұрат Оспанов жемқорлыққа барғаны үшін сот алдына келіп, 1 миллирд 101 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/357879-kazakstandyk-parakorlar-sheneunik-atanu-armanymen-mengilikke-kosh-ajtysady/

pixel