RU

Алматыда аяғы ауыр келіншек көлік апатынан зардап шекті

Алматыда жол аптынан аяғы ауыр әйел зардап шекті деп хабарлады "Алматы" телеарнасы.

Жол-көлік апаты Алатау ауданына қарасты "Ұлжан" ықшам ауданында орын алған.

BMW-520 маркілі көлік Жалайыр көшесімен солтүстікке қарай бағыт алып, алдымен қарсы келе жатқан Mitsubishi, ал одан кейін қаңтарылып тұрған екі көлікпен соқтығысқан.Жол апаты куәгерлерінің айтуынша, BMW көлігі бірнеше мәрте аударылып, соңында жарық бағанасына ұрылған. Мәлім болғандай, BMW жүргізушісі мен жолаушысы зақым алған көліктердің иелерімен сөзге келіспек болыпты. Алайда кейін олар бой тасалап кетті.

Аталған жол-көлік апаты салдарынан Mitsubishi көлігінің ішінде отырған аяғы ауыр әйел зардап шекті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/357901-almatyda-ayagy-auyr-kelinshek-kolik-apatynan-zardap-shekti.html