RU

Нұржан Төлендиев анасынан айырылды

Қалың жұртшылыққа Тука, Қошан секілді біріне бірі ұқсамайтын ерекше образдар арқылы танылған талантты актер Нұржан Төлендиевтің анасы қайтыс болды.

Белгілі актер Нұржан Төлендиев бірнеше күн бұрын аяулы анасын жер қойнына тапсырды. Нұржандай азаматты дүниеге әкелген анасы алпыстан асқан шағында дүниеден озды.

Жүзге келсе де, әр адам үшін ананың орны бөлек. Әйтсе де, жазмыш.

Еске сала кетсек, Нұржан Төлендиев бастапқы кезеңде "Шаншар" әзіл-сықақ театрында өнер көрсетіп, халыққа танылды. Кейін жеке дара бөлініп, "Алдараспан" театрын құрып, қазіргі уақытта аталған ұжымның директоры қызметін атқарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/358076-nyrzhan-tolendiev-anasynan-ajyryldy.html