RU

Қазақстанда еуро бағамы құлдырап барады

Ұлттық банкі 4 наурызға арналған валюта бағамын бекітті. Мәліметке сәйкес, еуро бағамы түсіп барады деп хабарлайды Алматы арнасы.

 Еуропалық валюта бір тәулікте 13 тиынынан айрылып, қазір орташа көрсеткіші 206,98 теңгені құрады.

Рубль де 1 тиынға төмендеді. 4 наурызда ол 2,97 теңге тұрады. АҚШ доллары тұрақты бағамын ұстап тұр. Бірнеше аптадан бері бағамы 185,05 теңгені құрауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/358125-kazakstanda-euro-bagamy-kyldyrap-barady.html