RU

Қазақстан президентіне үміткерлер қатарында жүргізуші мен зейнеткер бар

Президенттікке кандидат ретінде өздерін тағы үш адам ұсынды деп мәлімдеді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешев. Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлады.

Мелдешев 5 наурызда президенттікке кандидат ретінде 9 адам тіркелгенін атап өтті. Олар: Есенбек Уктешбаев 1958 жылы дүниеге келген. Қоғам қайраткері. Якобжан Жүнісбеков 1946 жылы дүниеге келген, зейнеткер. Енді ғана тіркелген азамат Жұман Қанат Тоқтарұлы 1969 жылы дүниеге келген. "Астана мұнай групп 2007" ЖШС Жанармай құю бекеттерінің бастығы.

26 ақпанда Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес 2015 жылғы 26 сәуірде өтетін Қазақстан Республикасы кезектен тыс сайлауына кандидаттарды ұсыну басталған болатын.

Сондай-ақ, басқа да кандидаттар туралы айтар болсақ, Асқар Жорабайұлы Сырғабаев 1959 жылы дүниеге келген, жеке кәсіпкер. Сафиолла Қалабайұлы Алдажанов. Уақытша жұмыссыз, өзін-өзі ұсынған. Лимана Қойшиева 1969 жылы дүниеге келген, "Рухани қоғам әлемі" қоғамдық ұйымының президенті.

Бақыт Төлегенұлы Абдукаримов, "JH-Құрылыс" ЖШС-ның инженер құрылысшысы. Сухраб Аминжанұлы Мырзашов, "JH-Құрылыс" ЖШС-нің жүргізушісі. Тұрғын Сыздықов, Мемлекеттік, банктік және қоғамдық қызмет көрсету мекемелері одағы Ақмола облыстық филиалының төрағасы. Бұл азаматтың кандидатурасын "Қазақстанның коммунистік халық партиясы" қоғамдық бірлестігі ұсынып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/358432-kazakstan-prezidentine-ymitkerler-katarynda-zhyrgizushi-men-zejnetker-bar.html