Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраулық қаржы пирамидасына алматылықтар да 100 мың теңгеден құйған

Опубликовано:

Атышулы "Плейткойн" компаниясы оңтүстік астанаға дейін жетіпті. Күні кеше қамауға алынған қаржы пирамидасының басшысы Жеңіс Қанахметов Алматыда, тіпті, бірнеше бөлімшелер ашып үлгерген екен деп хабарлайды КТК арнасы.

Қазір күдіктінің өзі қолға түскенімен, оның ізбасарлары ісін әлі жалғастырып жатыр.  Жер сипап қалған келіншектің бірі Мәриям. "Плейткойн" туралы естіген ол алғашқыда 10 мың, аз-маз пайда көрген соң 100 мың теңгені бір-ақ салыпты. Онымен қоймай, таныстарына да қыруар қаржы құйдыртқан. Келіншек енді сол ақшаларды өз қалтасынан қайтарып жүр.

"Барлығын Жеңіске хабарласып айттым. Ол телефон арқылы ақша жіберемін уатсаппен маған карточкалық құжаттарын жіберіңіз деді. Бәрі жақсы. 10 күндей күттім, 10 күнде еш телефон көтерген жоқ. Сонша адамды ол алдағаннан кейін ол өз жазасын табу керек", - дейді Мәриям Садықова, жәбірленуші.

Жеңіс Қанахметов қазір тергеушілерге жауап беруде. Жұртты жылатып, ақшасына алтын жалатып машина мінген Қаржы пирамидасының басшысы күні кеше ғана қамауға алынған. Дегенмен, оның ісі әлі жалғасып жатыр екен. Ізбасарлары Алматының қақ ортасында отырып, адамдарды әлі де арбауда.

Өзін Күміс деп таныстырған осы келіншек "Плейткойнның" жергілікті басшысы болып шықты. Пирамиданың әлі де Оралда, тіпті Астанада да бөлімшелері бар екен. Ал бас кеңсе – Атырауда.

Олар көбіне қарапйым адамдардың бума-бума ақша ұстап тұрған бейнежазбаларды көрсетіп, халықтың басын айналдырған екен.

Қаржысын қайтарғысы келгендерінің кейбірін пирамида басшысы тіпті ұрып жібермек те болған. Алайда "Плейткойнттың" басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалғанымен, ашқан сайты әлі жабылмаған. Тікелей желіде адамдардан өтініштерді қабылдауын жалғастыруда. Тіпті, өзге де әлеуметтік желілер арқылы қаржы пирамидасын насихаттап, қыруар ақшаға қарық болыңыз деген таспаларын жан-жаққа таратуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/358500-atyraulyk-karzhy-piramidasyna-almatylyktar-da-100-myn-tengeden-kyjgan/

pixel