RU

Жұлдыздарға қандай қыздар ұнайды?

Вlogtime.kz сайты 8-наурыз қарсаңында жұлдыздарға қандай қыздар ұнайтыны жөнінде сауалнама жүргізді.

Еліміздің бұрымдылары мен сырғалымдарын әлемдік маңызы бар меркелерімен құттықтай келе олар нәзік жандылар хақындағы өз ойларын ортаға салды:Нұрлан Әлімжан:

"Қыз баланың ақылына көркі сай болғаны дұрыс. Атақты бренд киімдерді киіп, трендтерден қалыспағандығының арқасында тарихта қалған бір сұлуды мысалға келтіріңізші? Жоқ. Тарихтағы арулар ақылдылығымен, парасатымен ел есінде қала білді. Алаш зиялыларының жарлары олардың құнды еңбектерін тірнектеп жүріп жинап, өздері де қуғынға ұшыраса да, ерлерінің тілеуін тілеп, отын сөндірмеуге тырысқан ғой. Қазақтың қыздарына алдыңғы буын әжелерінің әрекеті сабақ болуы тиіс. Тән сұлулығына уақыт бедер салады, әжім түседі. Ал жанның сұлулығы ақындардың жырына айналып, аңыз болып айтылып жатады. Сондықтан аты аңызға айналған қыздарымыз көп болсын дегім келеді. Маған ақылды нәзік жандылар ұнайды. "Еркек құлпырды" деген тіркес болмайды. Біз қыз балаларға "құлпырып кетіпсің " деп жатамыз. Ендеше мерекелеріңізбен, арулар!"Жасұлан Қыдырбаев:

"Мен қолы кішкене қыздарды ұнатамын. Жарымды таңдағанда да қолына қарадым. Анам: "қолдары кішкене қыздар ісмер, шебер, үй шаруасына икемі бар болады", - деп кеңес берген. Келіншегім де спортшы. Тіпті бұрынғы боксшы қыз десем, сіз таң қаларсыз. Бірақ менің шаңырағымның түтінін түтету мақсатында боксты тастады. Бір үйге бір спортшы жетеді ғой".Нұржан Керменбаев:

"Жақында менің отбасын құрғанымды көпшілік естіген болар. Жасырмаймын жан-жарым менің өнерімнің жанашыры. Мамандығы экономист. Алдымен анама таныстырып, содан кейін ғана үйлену туралы шешім қабылдадым. Мен қыздардың сыртқы сұлулығына мән беремін. Қасыңда ертіп жүрген арудың келбетті болғанын кім қаламасын? Кейбіреулер Нұржанның қызы әншіге өзі іздеп келіп танысыпты деп айтып жатыр. Меніңше бақыт үшін күресу керек. Ол маған өзінің сезімі барын білдірмесе, мен оны өмір бақи білмей өтер едім ғой. Сондықтан Назымның әрекетін құптаймын".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/358545-zhyldyzdarga-kandaj-kyzdar-ynajdy.html