RU

Apple Watch қосымшасы аса құпия жағдайда жасап шығарылмақ

Стив Джобстың компаниясы Apple Watch "ақылды" сағаттарына арналған қосымшаларды құпиялылығы жоғары жағдайда өндірмек.

Компания бұл үшін АҚШ-тың Купертино қаласынан арнайы зертхананы жабдықтап, ашқан.

Бұл компьютерлік бағдарламалар арасында BMW, Starwood Hotels & Resorts, Facebook, United Continental Holdings және т.б. компаниялардың да қосымшалары болады.

Сол себепті қазір құпия зертханада осы фирмалардың да өкілдері жұмыс істеуде. Зертханаға кірушілер өз смартфондарын және де өзге байланыс құралдарын есік алдындағы күзетшіге тапсырып кетулері тиіс.

Құпия зертханадан ғаламторға шығу да мүмкін емес. Тіпті қызметкерлердің өзімен бірге қағаз алып өтуіне де рұқсат жоқ.

Ал "ақылды" сағаттың өзі таяуда Сан-Францискода тұтынушылар назарына ұсынылмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/358844-apple-watch-kosymshasy-asa-kypiya-zhagdajda-zhasap-shygarylmak.html