RU

Қазақстан президенттігіне үміткер 14 адамның аты-жөні жарияланды

Қазақстан президенттігіне кандидаттар саны 14 адамға жетті. Бұл туралы бүгін  Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлейменова мәлім етті.

"2-9 наурыз аралығында Орталық сайлау комиссиясына азаматтардан 14 өтініш келіп түсті. Олардың біреуі партия атынан, 13 адам өзін-өзі ұсынды. Тұрғын Сыздықов Қазақстан халықтық коммунистік партиясы атынан ұсынылған болатын", - деді ол.

Сүлейменованың айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы қазіргі уақытта осы азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясына және "Сайлау" туралы заңына сәйкестігін тексеріп жатыр.

Тиісті сұраныстар Бас прокуратураға және Ішкі істер министрлігіне жіберілді.

"2 азаматқа, Сырғабаев Асқар  мен Алдажанов Сайфоллаға мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деген шешім шығарылды. 6 наурыз күні Қойшиева Лимана мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы анықтама алып, азаматтардың арасында өзін қолдау қолын жинауға кірісіп кетті", - деді ОСК мүшесі.

Бүгінге дейін президенттікке үміткер атанғандар:

Сырғабаев Асқар Жорабайұлы;

Алдажанов Сафиолла Қалабайұлы;

Қойшиева Лимана;

Әбдікәрімов Бақыт Төлегенұлы;

Мырзашов Сухраб Аминжанұлы;

Өктешбаев Есенбек Жапарұлы;

Жүнісбеков Якубжан;

Жұман Қайрат Тоқтарұлы;

Серғазин Ержан Мерекеұлы;

Маишев Қайрат Әлембайұлы;

Қайсаров Уәлихан Әбішұлы;

Естемесов Бақтияр Өксікбайұлы;

Тұрагелдиев Қанат Сыбашұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/358845-kazakstan-prezidenttigine-ymitker-14-adamnyn-aty-zhoni-zhariyalandy.html