Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда табылған жұмбақ ұйқы ауруы әлемге тарауы мүмкін

Опубликовано:

Қазақстанда табылған жұмбақ ұйқы ауруы сыртқа тарауы мүмкін. Бұл туралы пікірін ресейлік профессор Леонид Рихванов білдірді деп "Newsweek" басылымы жазды.

 Мақалада: "Калачи ауылындағы жүздеген тұрғын шалдыққан ауру жұқпалы болуы ықтимал. Алайда ол жұмбақ дерттің себеп-салдарын ғалымдар әлі де анықтай алмай отыр", - делінген.

Ал өткен аптада Калачи ауылы аумағында аурудың тоғызыншы толқыны басталды. Тұрғындар күн-түн демей, кез-келген уақытта мызғып кетуде.

Ұйқыға кеткендердің көбі оянғаннан кейін не болғанын еске түсіре алмайды. Ал кейбіреулері терең ұйқы кезінде түрлі елестерді көргендіктерін айтуда.

Айта кетейік, 2013 жылдың наурызынан бері жұмбақ ауруға шалдығудың 150-ге жуық факті тіркелген. Томск қаласының политехникалық университеті геоэкология және геохимия кафедрасында қызмет ететін Леонид Рихвановтың айтуынша, ұйқы ауруының себебі: Калачи маңындағы қараусыз қалған уран кенішінен шығатын радон газынан болуы ықтимал.

"Радон газы анестезияға қолданылатын затқа ұқсайды",-деді Рихванов. Айтуынша, бұл тек болжам ғана.

Алайда факт расталып шықса, аурудың тарауы әбден мүмкін, - дейді ғалым. Қазір Калачи тұрғындарын көшіру жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/358943-kazakstanda-tabylgan-zhymbak-yjky-auruy-elemge-tarauy-mymkin/

pixel