Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экскурсия жетекшісі Оңтүстік Қазақстандағы киелі жерлер туралы айтты

Опубликовано:

35 жыл бойы экскурсия жетекшісі қызметін атқарып келе жатқан Тұрсын Нұрбаева Оңтүстік Қазақстанның киелі жерлеріне саяхат ұйымдастырды, деп хабарлайды "Время" басылымы.

Тұрсын Нұрбаеваның айтуынша, Оңтүстіктегі киелі жерлерде күш беретін ерекше энергия бар екен.

"Түркиядан Қожа Ахмет Яссауи түрік болғандықтан келеді. Арабтар Укаш атаға араб болғаны үшін ағылады. Өзге елдерден де туристер келуде, олар көбіне жұмыстарымен келген жалғызбасты кәсіпкерлер. Келгендердің біразы Түркістанға барып-қайтқаннан қаржылық ахуалы көтерілгендігін айтады, меніңше олар әлдеқайда жинақы бола бастайды. Мен гид ретінде оларға  тек жермен танысып, тамашалауға баратынымызды айтамын, ал барып-қайтқандардың жағдайы 100 пайызға жақсаратынын мен де, әріптестерім де айтқан емеспіз", - деп сендірді Тұрсын Нұрбаева.

Экскурсия жетекшісі Айша-бибі кесенесі мен Түркістандағы Бесік-төбе тауының сыйқыры барына сенетіндігін айтты. Ол жерде болып қайтқан әйелдердің көбі кейін нәрестелі болған. Ал Қазығұрт тауының күнәһарларды қысып тастайды деген аңызы шындыққа жанаспайды деп санайды Нұрбаева.

"Күнәсіз жандар болмайды. Мен тақуа болмасам, да екі рет сол жерден өтіп шықтым. Ал үшінші ретте қысқаны соншалық аяқ-киімім жыртылып қалды", - деді ол.

Үңгіртасты Нұрбаева "сана тауы" деп атайды, ал Би Фатимаға қатысты нанымдарға соңғы 15 жыл ішінде ешкім жүгініп бармағаннан кейін сенімсіздікпен қарайды.

Көпшілік назарын осы жерде “Бақсы” фильмі түсіргендігіне аударып отырамын

"Жер кіндігі деп саналтын аймақты барлығына міндетті түрде көрсетіп отырамын. Ол жерде екі ғарыштық лек түйіседі, бұл айғақ Ресей академигі Вячаслав Бронниковпен дәлелденген. Көпшілік назарын осы жерде “Бақсы” фильмі түсіргендігіне аударып отырамын" - дейді гид.

Оның айтуынша, Арыстан-баб кесенесінде әркім су толтырып ала алады.

"Су өте тұзды, бірақ микроскопиялық мөлшерде пайдалансаң емдік қасиеті бар дейді. Укаш атада көбісіне су алуға мүмкіндік жоқ. Укаш ата денесіне оқ пен пышақ дарымайтын Мұхаммед пайғамбардың қолбасшысы болған. Оның осал тұсын біліп алу үшін үйіне қарт кісі жіберілген екен. Ол әйелінен Укаш атаның әлсіз жері мойны екенін және тек намаз оқыған сәтінде өлтіре алатындығын анықтаған. Сөйтіп Укаш ата мешітте өлтірілген.

Нұрбаеваның сөзінше жұртшылық Укаш ата қаза болған жерде 23 метр тереңдікте жатқан құдықты Мекке суымен байланысы барын айтатын көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/359009-ekskursiya-zhetekshisi-ontystik-kazakstandagy-kieli-zherler-turaly-ajtty/

pixel