Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Apple Watch "ақылды қол сағатының" бағасы белгілі болды

Опубликовано:

Сан-Францискода өткен тұсаукесер кезінде Apple компаниясы шығарған "ақылды қол сағатының" бағасы аталды. Бұл туралы epochtimes.ru-ға сілтемемен 24kz хабарлайды.

Apple Watch Sport-тың негізгі нұсқасы бойынша жасалған 38 миллиметрлік моделі 349 доллар, ал сол нұсқаның 42 миллиметрлік моделі 399 доллар тұрады. Ал тот баспайтын Apple Watch АҚШ аумағында 549 доллардан бастап, 1049 долларға дейінгі бағамен сатылады.

Ал ең қымбат 18 караттық қызғылт немесе сары алтынмен апталған Apple Watch Edition-ді сатып алу үшін тұтынушы 10 000 АҚШ долларын төлеуі тиіс.

"Ақылды қол сағаттар" Канада, АҚШ, Жапония, Австралия және бірқатар Батыс елдерінде саудаға 24 сәуірде шығарылады.

Бұл сағатты сатып алған адам ол арқылы онлайн-төлемдер жүйесін пайдаланып, телефон қоңырауларын қабылдап, тіпті ғаламторға қосылу арқылы гараж есігін де аша алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/359168-apple-watch-akyldy-kol-sagatynyn-bagasy-belgili-boldy/

pixel