RU

Қазақстандық жұлдыздар бала кезінде қандай болды (фото)

Кезінде олар да тәй-тәй басып, былдырлап сөйлеп, бантик тағып, үстелдің астында еңбектеп жүретін. Бүгінде олар ел аузындағы жұлдыздар, жұртшылық оларды "селебрити" деп атап, теледидардан тамашалайды.

Comode қазақстандық жұлдыздардың кішкентай кездегі фотоларын ұсынып отыр.

Шоқан Маратұлы

Таныдыңыздар ма? Мына бала "Ал Давай" тобының әншісі Шоқан Маратұлы. Болашақта осы балақай қыздардың көзайымы болатынын кім білген?

Луина

 Сіздерге Ақтаудан Луина қарап тұр!

Бүркіт

 Кішкентай Айбек ол кезде өзінің ең танымал қазақ әншілерінің бірі болатынын білмеген еді.

Мақпал Исабекова

Сүйкімді қыз Мақпал бала кезінен әнші болғысы келген.

Кәмшат Жолдыбаева

Кәмшат Жолдыбаева осындай сұлу қыз болатын.

Линда Нигматулина

Балалық шағында Линда әртіс емес, жаңа туған нәрестелердің денсаулығын қарайтын неонатолог болғысы келген.

Батыр Байназаров

 Танымау мүмкін емес - RinGO тобының болашақ солисті Батыр Байназаров.

Әсел Сәдуақасова

 Бала кезінде Әсел жаңалық жүргізушісі болуды армандаған. Әнші арманына жетпесе де, теледидардан жиі көрініп жүр.

Санжар Мәдиев

 Бүл бала бір күні Қазақстан кинематографиясын бағындырады - Санжар Мәдиев.

Дильназ Ахмадиева

 Кішкентай болса да әртістігі сезілетін Дильназ Ахмадиева.

Жәмилә Серкебаева

 Жәмилә қос бұрымды сүйкімді қыздан әлемге танымал скрипкашыға айналды.

Ғалымжан Молданазар

 Балалық шағында Ғалымжан супермен болуды армандайтын, ал бүгінде қазақстандық хипстерлердің көзайымына айналды.

Гүлнара Силыбаева

Оның жұмысы адамдарға күлкі сыйлау – Гүлнара Силыбаева балалық шағында.

Аша Матай

 Аша Матайдың бала кезінде де өзінше стилі мен таңдауы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/359427-kazakstandyk-zhyldyzdar-bala-kezinde-kandaj-boldy-foto.html