Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Рахат" басшылығы жұмысшылардың қысқарғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Опубликовано:

"Рахат" фабрикасының басшылығы жұмысшылардың қысқарғаны туралы ақпараттың жалған қауесет екендігін жеткізді.

Олардың айтуынша, жыл басында сауданың төмендеуі үнемі кездесетін құбылыс. Соған байланысты жазға жоспарланған цехты жөндеу жұмыстары ақпанға ауыстырылды.

"Қызметкерлердің жартысы үздіксіз өндіріс алаңына ауыстырылды. Қазір мұнда 3,8 мың адам жұмыс жасайды. Олардың 198-і еңбек демалысында. 385 әйел - бала күтімінде, 31 келіншек - декреттік демалыста. 61 адам өз еркімен ақысыз демалысқа кетті. Жұмыскерлер санын азайту, жалақыны төмендету жоспарда жоқ. Тіпті, бізде түрлі бонустар мен сыйақы жүйелері жұмыс жасап тұр", - деді компанияның қызметкерлерді басқару бойынша директоры Жанна Оразбаева.

Оның айтуынша, "Рахат" АҚ Медеу аудандық әкімдігімен өзара ынтымақтастық туралы мемрорандумға қол қойған. Жұмыс беруші мен қызметкерлердің арасындағы қатынас соған сәйкес реттеліп отырады.

"Біз әр қызметкерді бағалап, оларға қолайлы әлеуметтік жағдай жасау арқылы компаниямызды үздік жұмыс орнына айналдырғымыз келеді", - деді Оразбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/359700-rahat-basshylygy-zhymysshylardyn-kyskargany-turaly-akparatty-zhokka-shygardy/

pixel