Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықтық комитет басшысы президент сайлауына қатыспақ

Опубликовано:

Орталық сайлау комиссиясына Жақсыбай Бәзілбаев кезектен тыс Президент сайлауына қатысу үшін өтініш берді.

Айта кетерлігі, бұл азамат бұған дейін де 3 мәрте президенттік сайлауға қатысқан болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықтық комитеттің төрағасы Бәзілбеков бұған дейін үш саяси науқанға қатысқанымен үшеуінде де Орталық сайлау комиссиясына берген өтінішін кері қайтарып алған еді.

Қазіргі уақытта үміткерлердің саны 26 адамға жетті. Оның 24-і сайлауға өзін-өзі ұсынғандар, ал екеуін, атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаевты "Нұр Отан" партиясы, ал Т.Сыздықовты "Қазақстанның коммунистік халық" партиясы ұсынған.

Қазіргі уақытта үміткерлердің сайлау талаптарына сәйкестігі тексеріліп, кейбірі лингвистикалық комиссияға сынақ тапсыру үстінде. Мәселен, 8 үміткер тіркелген жоқ. Олардың 2-еуі Конституцияға сәйкес, сайлауға түсу жасына толмаған.

6-уы лингвистикалық комиссия сынағын тапсыра алмады. 5 адам лингвистикалық комиссия сынағын тапсырды. Олардың сайлау талаптарына сәйкестігі тексерілді. Олар қазіргі уақытта сенімді тұлғаларын тіркеп, қол жинау жұмысымен айналысуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/359840-sybajlas-zhemkorlykka-karsy-halyktyk-komitet-basshysy-prezident-sajlauyna-katyspak/

pixel