RU

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Күні кеше "Нұр Отан" партиясының орталық аппаратында ел президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабы алғашқы отырысы өтіп, онда штабты Мұхтар Құл-Мұхаммед басқаратындығы белгілі болды.

Сондай-ақ осы аптада еліміздің орталық атқарушы органдарында еш кадрлық ауыс-түйіс орын аламағанымен жергілікті жерлерде бірқатар тағайындаулар орын алды. ҚазАқпарат апта ішінде орын алған осы және өзге де тағайындауларға шолу жасайды.Сонымен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабын басқаратын Мұхтар Құл-Мұхаммед 1960 жылы 12 желтоқсанда дүниеге келді. Қазақ. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заң ғылымдарының докторы, профессор. 100 - ден аса ғылыми еңбектері, оның ішінде 6 монографиясы жарық көрді.

Қазақстан президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімімен, СҚО әкімі Ерік Сұлтановтың бұйрығымен Аққайың ауданының әкімі болып Дәурен Бозтайұлы Байтөлешов тағайындалды. 2012 жылдың тамызынан осы кезге дейін ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы болып қызмет еткен.Павлодар облысы әкімінің орынбасары Нұржан Әшімбетов Ертіс ауданының жаңа әкімін аудан активіне таныстырды. Бұл қызметке Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың өкімімен Дубовицкий Виктор Владимирович келді.Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен БҚО Мемлекеттік сатып алу, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларына жаңа басшылар тағайындалды.БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Руслан Бектемір жаңадан құрылған БҚО мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып бекітілді. БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметіне кіріскен Бибігүл Қонысбаева ұзақ жыл қаржы саласында еңбек етті. Соның ішінде 1996-2011 жылдары облыстық қаржы басқармасында маманнан бастап бөлім басшылығына дейін көтерілді. 2011-2015 жылдары БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/359844-kazakstandagy-zhana-kadrlyk-tagajyndaular.html