RU

Қазақстанда бедеу еркектердің көбеюі мамандарды алаңдатып отыр

Биыл экстракорпоральді ұрықтандыру жасауға берілетін мемлекеттік квота саны артты. Өткен жылы жасанды жолмен бала туу мүмкіндігі 600 әйелге берілсе, биыл оған 750 нәзікжанды қол жеткізеді.

 Ал үкімет көмегіне жүгінбей, ЭКО жасаймын дегендердің қалтасы 800 мың теңгеге қағылады. Қазіргі таңда бедеулік ауқымы өзекті мәселеге айналуда. Статистикалық мәліметтерге сенсек, еліміздегі әрбір 3- жұп бала таба алмай отыр.

Алайда бұл түйткілдің шешімі бар. Ол – экстракорпоральді ұрықтандыру. Мәселен, орталық мамандарының көмегімен 300-ге жуық сәби дүниеге келді. Экстракорпоральдіұрықтандыру сәтті жүзеге асуы үшін ұрықты сақтау шарттарын орындау қажет.

Онымен айналысатын маман ол – эмбриолог. Әрбір биоматериал арнайы түтікшеге салынады. Ыдыстың ішіндегі температура196 градустан артық болмауы тиіс.

"Біз ыдысты азотпен толтырамыз. Қажетті температураны сақтап отырамыз. Әйтпесе биологиялық материалдар жойылуып кетуі мүмкін. Аналық жасуша ер адамның ұрығынан бөлек тұрады. Әр ыдыста оның иесінің аты-жөні жазылады. Қанша жыл өтсе де, биоматериал өз қасиеттерін жоғалтпайды", - дейді клиникалық эмбриолог Ноира Нығметова.

Біз ыдысты азотпен толтырамыз. Қажетті температураны сақтап отырамыз. Әйтпесе биологиялық материалдар жойылуып кетуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, қазіргі кезде ЭКО донорын табу оңай емес. Биологиялық материалын тапсырып, ақша табамын дегендер аз болмағанымен, көбі қойылған талапқа сай келмейді. Оның себебі түрлі соз ауруларының болуында.

"Осындай инфекция салдарынан бедеулікке ұшыраған ер азаматтардың саны жыл сайын артып келеді" дейді мамандар.

"5-6 жыл бұрын ер адамның бедеулігі 30-35%-ды құраса, бүгінде 60%-ға дейін өсіп тұр. Жастарға қарағанда 45 жастағылар арасында бедеулік көбейді. Қазір 30-35 жастағы бедеулігі бар жігіттердің пайыздық мөлшері де көбейе бастады", - дейді уролог Ақылбек Пішенбаев.

Инфекциялық ауруларға шалдыққан нәзікжандыларға да жүкті болудың жасанды тәсілін қолданбаған абзал. Мұндай диагноз ЭКО-ның сәтті жасалуына кедергі. Ал ана боламын деген әйелдің жасына шектеу жоқ.

5-6 жыл бұрын ер адамның бедеулігі 30-35%-ды құраса, бүгінде 60%-ға дейін өсіп тұр. Жастарға қарағанда 45 жастағылар арасында бедеулік көбейді.

"2012 жылға дейін мемлекеттік квоталар тек 35 жасқа толмаған әйелдерге берілетін. Қазір мұндай шектеу қойылмаған. Ең бастысы, денсаулығының мықты және аналық жасушаларының белсенді болғаны жөн", - дейді  гинеколог-репродуктолог Лэйла Чалова.

Қазақстанда ұрықтандырудың бұл жолының қолданылып келе жатқанына 20 жылдың жүзі болды. Осы тәсілмен дүниеге келген ең бірінші бала бүгінде 19 жаста.

Алғашында қоғамда түрлі пікір тудырған медицинаның бұл жетістігі қалай болғанда да талай отбасыға бала сүю бақытын сыйлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/359855-kazakstanda-bedeu-erkekterdin-kobeyui-mamandardy-alandatyp-otyr.html