Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бахыт Жұматова болашақта Қазақстанды әйел басқаратынын болжады

Опубликовано:

Алдағы сайлауда қазіргі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа халықтың 99,3 % өздерінің дауыстарын береді.

Бұл туралы "Битва экстрасенсов" телешоуының ақтық сынына қатысқан оралдық көріпкел Бақыт Жұматова Regtv.kz порталына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды ult.kz.

Көріпкел әйел Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды 2018 жылға дейін басқаратынын айтып отыр. Сондай-ақ, экстрасенс Қазақстанда билік басына әйел адамның келетінін болжайды.

Қазір әлемде болып жатқан қақтығыстар, шиеленістер, санкциялар соғысы 2017 дейін жалғасады дейді Бақыт Жұматов. Кейін әлем экономикасы тұрақтана түседі.

Ал 2015 жыл Қазақстан экономикасы үшін айтарлықтай ауыр болмайды, тіпті аздап өсім байқалатын болады дейді. Көріпкел сайлаудан кейін ұлттық валюта теңге біраз өзгеріске ұшырап, доллардың 250-ге дейін өсетінін болжайды.

Бақыт Жұматова Еуразиялық экономикалық одақтың болашағы зор деп санайды. Ұзамай бұл одаққа Қытай, Корея, Жапония секілді державалар қосылуы мүмкін деген ой айтады. Көріпкел Қазақстан қазба байлықтарына әлі де бай, әсіресе жер астында мұнай мен алтын қорының көп екенін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/360023-bahyt-zhymatova-bolashakta-kazakstandy-ejel-baskaratynyn-bolzhady/

pixel