RU

Жаңа Renault Laguna 2015 жылдың күзінде сатылымға шығады

Renault компаниясы Laguna флагман седанының жаңа буынын сынауды жалғастыруда.

Бұл автомобиль Оңтүстік Еуропаның жол тестілерінде байқалған. Жаңа көлікті жұртшылыққа көрсету ағымдағы жылдың қыркүйегінде Франкфурттағы көлік салонында өтуі тиіс.

Машинаның әлемдік сатылымдары биылғы жылдың күзінде ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды World Car Fans. Laguna атауы соңғы емес екені, седанның атауы әлі өзгертіле алатыны атап өтілуде.

Машина CMF платформасында салынады. Көліктің дизайны Captur мен Kadjar-ға ұқсас болады. Жаңа көліктің барлық техникалық сипаттамалары әзірше құпия.

Желтоқсанда Renault компаниясы модельді қатарын жаңартатыны туралы хабарлаған. Бірінші болып Laguna седанының жаңа буыны, одан кейін Scenic жаңа компактвэні ұсынылмақшы.

Бұдан басқа, Renault бюджеттік модельдердің жаңа желісін дайындау шешімін қабылдады. Әзірге 3 500 еуродан басталатын төрт автомобиль шығарылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/360187-zhana-renault-laguna-2015-zhyldyn-kyzinde-satylymga-shygady.html