RU

Вьетнамда батпырауық баланы көкке сүйреп әкетті

Вьетнамда үлкен батпырауық ұшырып әкеткен бала 18 метр биіктіктен құлап, опат болды деп хабарлайды 24.kz.

Оқиға Хошиминдегі батпырауық фестивалінің қатысушылары дайындалатын жазықта болған. Баланың анасы болса жақын маңда сусын сатып, табыс тапқан, деп жазады шетелдік БАҚ.

5 жасар Ван Минь Даттың аяғы батпырауықтың жібіне оратылып қалған. Кенет соққан жел құрылғыны баламен қоса ұшырып әкеткен.

Жантүршігерлік оқиғаға сол жердегі адамдар куә болды. Солардың бірі аталған қайғылы жағдайды бейнекамераға жазып алған. Өкінішке орай, дер кезінде жеткен жедел жәрдем қызметкерлері де сәбиді ажалдан арашалап қала алмады.

5 жасар Ван Минь Дат ауруханаға барар жолда жан тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/360344-vetnamda-batpyrauyk-balany-kokke-syjrep-eketti.html