RU

Дамир Рысбаевтың қатысуымен болған төбелес "үздік" жекпе-жек аталды (видео)

Астаналық "Барыс" клубының қорғаушысы Дамир Рысбаев пен форвард Константин Руденконың төбелесі Құрлықтық хоккей лигасының 2014/2015 жылдардағы маусымның ең "үздік" төбелесіне айналды, деп хабарлайды Bnews.kz.

Астаналық "Барыс" клубы мен новосібірлік "Сібір" командасы арасындағы өткен матчта Дамир Рысбаев пен Виталий Меньшиков, ал "Авангардқа" қарсы өткізген ойында Константин Руденко мен Николай Лемтюгов төбелескен болатын.

Осы екі спортшымыздың төбелесі 2014/2015 маусымдағы ең тартысты жекпе-жек болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/360346-damir-rysbaevtyn-katysuymen-bolgan-tobeles-yzdik-zhekpe-zhek-ataldy-video.html