RU

Қазақстанда лицензиясы уақытша тоқтатылған оқу орындарының тізімі жарияланды

Елімізде лицензиясы тоқтатылған университет, институт, академиялардың аты ақыры белгілі болды деп хабарлайды КТК арнасы.

Бас прокуратура ресми түрде жариялаған "қара тізімге" 18 оқу орны іліккен. Лицензиясы 2 айдан 6-айға дейін тоқтатылғандардың арасында Алматы қаласының 6, Оңтүстік Қазақстан облысының 4, Астана 2, Алматы облысы 1, Батыс Қазақстан 1 және Атырау, Қарағанды, Қызылордадағы оқу орындары бар.

Қара тізімге елордадағы "Астана" мен "Тұран" университеттері, Батыс Қазақстан инженер гуманитарлық институты, "Қызылорда облысындағы Қазақ-қытай институты мен Қарағандыдағы "Болашақ" университеті ілігіп отыр.

Бұл жоғарғы оқу орындары білім беруден гөрі диплом үлестіруді жолға қойған. Ал әзірлеген мамандары шаласауатты. Ұстаздарының біліктілігі күмән тудырады, материалдық техникалық базасы да сын көтермейді.

Білім министрлігі Бас прокуратурмен бірге лицензиясынан айырған оқу орындары кемшіліктерін жарты жыл ішінде түземесе, кадр дайындаудан мүлдем аластатылмақ. Осы аралықта студенттер білімін әзірше жалғастыра береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/360376-kazakstanda-liczenziyasy-uakytsha-toktatylgan-oku-oryndarynyn-tizimi-zhariyalandy.html