Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшы WSB рейтингісінде бірінші орынға шықты

Опубликовано:

Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) бесінші маусымындағы топтық кезеңнің тоғызыншы тур жекпе-жектері аяқталған соң жобаның ресми сайты әр салмақтың жаңа рейтингін жариялады.

Жаңа тізілген тізім бойынша отандасымыз Василий Левит 91 келі салмақта өнер көрсететін боксшылар рейтингінде көш бастап тұр, деп жазады "Алаш айнасы" WSB сериясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Бесінші маусымда Левит әзірше бес кездесу өткізді. Оның барлығында да қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Осылайша отандасымыз 23 ұпаймен 91 келі салмақтағы боксшылардың рейтингінде бірінші сатыға тұрақтады.

Бұл салмақта екінші орында тұрған Эрисланди Коттилья Сованның (Куба қабыландары) еншісінде де 23 ұпай бар. Бірақ, қосымша ұпай саны бойынша ол біздің отандасымыздан қалып келеді.

Үздік үштікті өткен аптада ғана біздің Василийге жеңілген Игорь Павел Якубовский (Польша құрамасы) тұр. Оның еншісінде 20 ұпай бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/360500-kazakstandyk-boksshy-wsb-rejtingisinde-birinshi-orynga-shykty/

pixel