RU

Назарбаев Астанадағы заманауи үлгідегі оңалту орталығын ашты

Нұрсұлтан Назарбаев президент істерін басқару медициналық орталығының ашылу салтанатына қатысты.

 Бұл туралы ҚазТАГ хабарлайды.

"Бізге бүкіл Қазақстаннан, алыс және жақын шетелден келетін болады деп сенемін. Бізде осының өзінде бәрі бар", - деді  Назарбаев сәрсенбі күнгі салтанатта.

Ол тұрғындардың кәсіби емделуіне мемлекет барлық жағдайды жасап отырғанын баса айтты.

"Жақсы ғимарат жасадық, ең заманауи күшті құрылғы құрдық, мұндағы диагностика өте жақсы", - деп толықтырды президент.

Кешен Қазақстан үшін жаңа жоба бойынша құрылған: мұнда медициналық жәрдем көрсетудің барлық кезеңдері бар екеніне қарамастан, стационарлық және емханалық пациенттерге де көп көңіл бөлінген.

Бөлімшелер медициналық техника өндірісі саласындағы озық көшбасшылардың құрылғыларымен жабдықталған. Кешен құрамына бірегей диагностикалық блок және ядролық медицина бөлімшесі кіреді.

Ғимарат пен оның инфрақұрылымының жұмысын қамтамасыз ететін негізгі жүйелердің мониторингі мен басқарылуы автоматтандырылған. Мекемеде жоғары білікті мамандар, соның ішінде медицина ғылымдарының 11 докторы мен 24 кандидаты жұмыс істейді.

Дәрігерлердің жартысынан астамы жоғары санатқа ие. Аталған кешен ресурсты үнемдеу технологиялар саласындағы соңғы инновациялық жасалымдарға сәйкес жарақталған.

Кешен құрамында ядролық медицина бөлімшесін қосқанда, бірегей диагностикалық блок бар. Кешен автоматтандырудың кешенді жүйесі есебінен "ақылды" ғимарат қағидаты бойынша қызмет етеді.

Ғимараттың тіршілігін қамтамасыз етудің негізгі жүйелерін, оның барлық инфрақұрылымын мониторингілеу мен басқару автоматты түрде жүзеге асырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/360516-nazarbaev-astanadagy-zamanaui-ylgidegi-onaltu-ortalygyn-ashty.html