RU

Жарылқап Қалыбай халықтан көмек сұрап, хат жазды

Қазақстан президенттігіне үміткер журналист Жарылқап Қалыбай дауыс жинауға көмектесуді сұрап, халыққа хат жазды.

Бұл туралы abai.kz порталы жазады.

"Мен – "Жұлдыздар отбасы" мен "Аңыз адам" журналдарының бас редакторы Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер ретінде тіркелдім. Ел ішінде ұлтыма, мемлекетіме қалай қызмет етсем деп жүрген ұлтжанды, мемлекетшіл, ойлы азаматтар өте көп", - деп жазады Қалыбай.

"Менің бұл сайлау додасына қатысудағы басты мақсатым – осы мүмкіндікті пайдаланып, қарапайым халықтың мұң-мұқтажы мен талап-тілегін, сол ойлы азаматтардың бүгінгі қоғамдағы қордаланып қалған проблемаларға көзқарасы мен оны шешу жолдарын, болашақта Қазақстан қандай ел болуы керек екенін, келе жатқан дағдарысқа қалай қарсы тұрамыз, одан шығу жолдары қандай деген ұсыныс-пікірлерін билікке жеткізу. Сонымен қатар ұлт патриоттары мен ұлтшыл азаматтардың ұлт мүддесі үшін алдына қойған бағыт-бағдарламасын халыққа жеткізу", - деп жалғастырады ол хатында.

Менің бұл сайлау додасына қатысудағы басты мақсатым – қарапайым халықтың мұң-мұқтажы мен талап-тілегін, сол ойлы азаматтардың бүгінгі қоғамдағы қордаланып қалған проблемаларға көзқарасы мен оны шешу жолдарынн билікке жеткізу.

Ол халыққа уақыттың тым тығыз екенін ескертеді.

"Бұл мақсатымды жүзеге асыру үшін 23 наурызға дейін Қазақстан Республикасы аумағындағы сайлаушылардың 93 мың қолын жинау қажет болып тұр. Сол үшін әр облыстың, ауданның, ауылдың ұлтжанды азаматтары осы шараға бір кісідей атсалысуларын сұраймын. Уақыт өте тығыз. Егер маған қолдау көрсеткіңіз келсе немесе менің сенімді өкілім болуға ниет етсеңіз, тез арада хабарласуыңызды өтінемін", - деп аяқтады кандидат Жарылқап Қалыбай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/360530-zharylkap-kalybaj-halyktan-komek-syrap-hat-zhazdy.html