RU

Полицейлерді тілдеген Текелі тұрғыны өз ісіне өкініп, кешірім сұрады

Алматы облысы, Текелі қаласының тұрғыны Юлия Кучинаға қатысты сот ісі тоқтатылды.

 Ол осыдан бірнеше күн бұрын жол полицейінің талабына бағынбай, тіпті тәртіп сақшысын балағаттап, балағат сөздер айтқан болатын.

Текелі қалалық сотының қаулысына сәйкес, азаматша Кучина Юлия өз қызметтік міндеттерін атқару үстіндегі билік өкілін қорлағаны үшін айыпты деп танылды. Сот шешімі бойынша оған айыппұл салынды.

Ал қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Мұның себебін мамандар былайша түсіндіріп берді.

"Қылмыстық кодекстің 65-ші бабына сәйкес, яғни заңсыз әрекеті үшін шынайы өкініп жатқанын алға тартып, Кучина Юлияға қатысты қылмыстық істі тоқтатты", - деді Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Дарын Арыстанбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/360627-policzejlerdi-tildegen-tekeli-tyrgyny-oz-isine-okinip-keshirim-syrady.html