RU

Бесінші сәбиін босанған Роза Әлқожаға күйеуі көлік сыйлады (фото)

Танымал әнші Роза Әлқожаға сүйікті жары Айдын Қаба үлкен сый жасап, қымбат автокөлікті тарту етті.

 

Бұл туралы Розаның жолдасы желідегі парақшасында жария етті деп жазады NUR.KZ.

"Аяулы жар, аяулы ана, батыр ана, елдің ерке қызы, менің шаңырағымның шаттығы, ұйытқысы, 5 баламның анасы Розаға өзіне ұнайтын көлікті бала-шағамыздың атынан сыйға тарттық! Биіктерден көрініп, халықтың сүйіспеншілігіне бөлене бер, Роза! Сен бұдан да жақсы сыйлықтарға лайықсың", - деп жазады Айдын Қаба өз парақшасында.

Еске сала кетейік, белгілі әнші Роза Әлқожа жақында бесінші перзентін дүниеге әкелген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/360643-besinshi-sebiin-bosangan-roza-elkozhaga-kyjeui-kolik-syjlady-foto.html