RU

Көліктегі ІІД-нің жаңа басшысы тағайындалды

ІІМ бұйырығымен Көліктегі ІІД-нің жаңа бастығы болып полиция полковнигі Ержан Сапарбекұлы Саденов тағайындалды. Бұл туралы көліктегі ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Ержан Сәденовті Көліктегі ІІД-нің жеке құрамына Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Ганұлы Демеуов таныстырды.

Ержан Сәденов бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының ІІД-де басшылық қызметте істеген, сондай-ақ Маңғысау облысы ІІД бастығының орынбасары лауазымын атқарған.

Кейінгі жылдары ҚР ІІМ аппаратында қызмет еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/360782-koliktegi-iid-nin-zhana-basshysy-tagajyndaldy.html