RU

Жапонияның императоры ресми міндеттерін орындамайтын болды

Жапония императоры Акихито суық тиіп, сырқаттануына байланысты біраз уақытқа дейін ресми міндеттерін орындай алмайды, деп хабарлады ТАСС.

 Бұл туралы императорлық жұптың ақпараттарын қадағалайтын император сарайының басқармасы хабарлады.

Әдетте олардың жеке өмірі жайлы хабар көп жария етілмейтін. Деректерге сүйенсек, монархқа жеңіл тұмау тигеніне қарамастан, сенбіге жоспарланған көктемгі күн мен түннің теңелуіне арналған діни мерекеге қатыспау шешімі қабылданды.

Императордың жұбайы императрица Митико мен оның отбасы шараға қатысады. Император Акихитоның одан әрі ресми бағдарламасы әзірге анықталған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/361034-zhaponiyanyn-imperatory-resmi-mindetterin-oryndamajtyn-boldy.html