RU

Қазақстанның кей жерлерінде жауын-шашын болып, жел күшейді

23 ақпан күні еліміздің басым бөлігінде фронтальді ауа ағымдарының өтуіне байланысты ауа райының құбылмалылығы байқалады.

Кей жерлерде жауын-шашын болып, тұман түседі, көктайғақ, желдің екпінінің артуы күтіледі. Елдің оңтүстігінде күн күркірейді, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Алматы облысының кей жерлерінде күн күркіреп, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23 м/с дейін жетеді. Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, 15-20 м/с жел болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында кей бөліктерінде тұман түсіп, күн күркірейді, 15-20 м/с жел соғады. Атырау, Маңғыстау облыстарында кей жерлерінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-23 м/с дейін күшейеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/361112-kazakstannyn-kej-zherlerinde-zhauyn-shashyn-bolyp-zhel-kyshejdi.html