Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайлық кейуана 113-інші көктемін қарсы алды

Опубликовано:

Ғасырдан да ұзақ жасаған қостанайлық кейуана Марпуға Селтеткенова Ұлыстың ұлы күнінде өзінің 113-інші көктемін қарсы алды.

 Көргені көп қазына-қария әлі де тың. Жады мықты, заулатып кітап та оқиды. Марпуға Селтеткенованың үлкен қызы 89 жаста. Тұңғыш келіні 86-ға келіпті.

Әже әлі күнге бәрінің алдында. Таяқ таянбайды, қимылы ширақ. Жылдағы дәстүр – Ұлыстың ұлы күні ғасырдан бір мүшел артық жасаған ананың батасын алуға асығады ағайын-туысы мен өзінен тараған ұрпағы.

Марпуға Селтеткенова 1902 жылы Ресейде дүниеге келіпті. Сұрапыл соғыс жылдары дала жұмысын атқарамын деп Қостанай облысына қоныс аударыпты. Кейіннен отбасын құрған соң, кейуана он құрсақ көтерді.

Бүгінде шөпшегінің алды 25-ке толыпты, ал шөбере саны 30-дан асады. "Анамыз ерекше күтінген адам емес, қасиеті еңбекқорлығында болса керек" дейді қыз-ұлдары.

"Соғыс кезінде сауыншы болып та істеді. Нан пісіріп, жұртқа киім тігіп, соғысқа шұлық, қолғап тоқып отырыпты. Бұл кісінің істемеген жұмысы жоқ. Сондықтан да шығар, әлі күнге дейін қарап отырмайды. Кітабын оқиды, киімін тігеді", - дейді 113 жастағы ананың қызы Жібек Құрманова. 

Дініне берік кейуана Наурыз мейрамын айрықша көреді. Балаларына да соны үйретті. "Жыл басын шат көңіл, бай дастарханмен қарсы алу парыз. Осы бір бейбіт заман басымыздан кетпесін деп бата береді" талай аумалы-төкпелі заманның қарт куәсі.

"Менің мықтылығымды берсін. Наурыз бәріңе де бақыт әкелсін! Табысты жыл болсын!", - деп тілек тіледі 113 жастағы әжей.

Марпуға әже бала күнінде екі сыныптық медресседе оқыпты. Мұсылманша сауатты. Қазіргі ермегі – қасиетті кітаптарды ақтару. "

Ұзақ жасауымның бір сыры – сабыр мен имандылықта", - дейді өзі. Айтуынша, анасы 123 жасқа келген екен. "Ұрпақтары әжеміз сол жастан да асса" деп тілейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/361208-kostanajlyk-kejuana-113-inshi-koktemin-karsy-aldy/

pixel