RU

Арыстан Мұхамедиұлы Наурызда алаңдағы киіз үйлерге кіруге ұялады

Қазірде ұмытыла бастаған көрісу күнін тек батыс қана тойлайды. Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бұған қынжылып қана қоймай наурызды жандандырудың жолдарын іздеп жүр.

"Батыс ол Қазақстан емес пе, бізде қызық батыстар көрісе берсін дейді. Біз қазір өз ұлттық киімімізді киюге ұяламыз, оны киіп жатқан ешкім жоқ. бір шапан маған айналып келді деп анекдоттар шығып жатыр. Шотландар юбка киіп шықса ой бұлар керемет дейміз", - дейді Мәдениет және спорт министрі.

Әзербайжандар Новруз байрамы деп атайды бұл мерекені. Күн мен түн теңесетін мейрамды бір ай бұрын атап өте бастайды. Үйлер көркейтіліп, ағаш отырғызылады. Жаңа киім тігіліп, жұмыртқалар боялады. Тәтті-дәмділер мен ұлттық тағамдар дайындалады.

Олардың сенімі бойынша, ақсақалдар 22 наурыз күні таңалагеуімде тау басына шығып, тілек тілеп тәңірге жалбарынады. Ал осынау Әз-Наурызды зараостризмнен ажыратып алған қазақ ұлттық мерекені өз деңгейінде тойлай алып жүр ме? Көңілді күпті қылатын күдік көп.

"Алаңдарда киіз үйлер тігіліп, концерттік бағдарламалар көрсетілгенімен, жалпы халық тек шенеуніктерге қарап қызықтаумен шектелуде", - дейді мәдениет министрі.

Портфель ұстағанына ұзақ уақыт бола қоймаған ол мұндай жағдайда өзін ыңғайсыз сезінеді екен.

"Мен өзім шын айтқанда наурызға баруға ұялам, енді қазір министр болған соң бас киіз үйге алып барады, сыртта тұрған халық ала көзбен қарайды неге бізді кіргізбейді. Мен өзім шын айтқанда ыңғайсызданам. Егер біреуіне кірмесең аудан әкімі өкпелейді. Сыртта тұрған халық", - дейді ведомство басшысы.

Бүгінде Ұлыстың Ұлы күнін тойлаудың жоғары деңгейдегі үлгісі жоқ. Алаңға шығып ақ шаңқан үйлерді сырттай қызықтап қайтудан жалыққан жұрт бүгінде наурызды өз беттерінше тойлауды үрдіске айналдырып алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/361251-arystan-myhamediyly-nauryzda-alandagy-kiiz-yjlerge-kiruge-yyalady.html